2022 жылғы 22 сәуірінде Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-лицейінің базасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері үшін «Замануи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Үрдістері,Мәселелері,Келешегі» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форум жұмысына Бұланды ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әлия Абдулвахитқызы Жолдығұлова, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанар Жансерікқызы Алдабергенова, п. Ғ. магистрі, «Өрлеу»БАҰО» АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіптік даму институты» жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Жаналсын Өтегенқызы Жалмұханова тікелей эфирге «МДҰ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ ӨСУІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» баяндамамен қатысты, Макинск қаласы «№9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті КММ меңгерушісі Лаура Фанеловна Сыздыкова баяндама жасады. Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткен шараға мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтары шақырылды.Форум жұмысына 60-тан астам адам қатысты,форум оффлайн-форматта өтті. Форум екі кезеңде өтті: секциялар жұмысы және пленарлық отырыс. Бірінші бөлімде төрт секция ұйымдастырылды: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны», «Сапа критерийлері және менеджмент», «Ойын - жетекші қызмет және балаларды дамытудың негізгі құралы», «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі». Аудандық іс-шараға қатысушылар «Мектепке дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Пленарлық отырыстың соңында әр секцияның модераторлары секциялық отырыста қабылданған ұсыныстары ортаға салынды. Форум жақсы позитивте өтті. Көрмеде аудандағы балабақшалардың заманауи технологияларды қолдану жұмыстары ұсынылды, атап айтқанда: Триз, В. Воскобович, Робототехника, Мнемотехника, М. Монтессори, Мөлдір мольберт, сөйлейтін қабырға, Steb be steb, асық-терапия, құм терапиясы.Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша балабақша әдіскерлері: Дана Зоя, «Балдаурен» бөбекжай-бақшасының әдіскері, Нұрғалиева Зейни Құттыбекқызы, «Балдырған» мектеп-балабақшасының әдіскері, Жабовская Маргарита Александровна, «Солнышко»бөбекжай-бақшасының әдіскері салтанатты марапаттау рәсімі болды.Форумда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы талқыланды. (Баитова Галия Рахимовна, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері)