«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл - әрбір адамның кіндік қаны тамған
жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне,
салт-дәстүрін терең білуі абзал.
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер»
бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Осы мақсатта
балалар кітапханасыныда «Өлкем менің, мақтанамын өзіңмен»
атты әдеби-музыкалық сағат өтті. Іс-шараға Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің
8 «Б» сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Р. С. Ембергенова
катысты. Кітапхана маманы Салтанат Нурманова Бұланды ауданының тарихы, талантты
перзенттері, киелі жерлері туралы мәлімет берді. Кездесу барысында Балуан Шолақ, Тұрсынбек
Кәкішев, Ермек Қаратаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айтылды.
«Елім-ай» клубының мүшелері Қуаныш Исабаева, Маржан Жолдасова, Айгерім Медеубаева, Айгул
Шамышеваның қатысуымен өлеңдер оқылып, әндер
орындалды. «Менің Отаным - менің
болашағым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті,жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең
бастысы - жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай
білуіміз керек. XXІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.