«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білімді ұрпақ – ел ертеңі

06.02.2018

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана

халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше 

көңіл бөлген.

     Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін

көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін 

бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер

болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті

міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бойында ұлттық құндылықтар  сақталған жеке  тұлғаны қалыптастыру. Дарынды

оқушылармен жұмыс жүргізу мектебімізде нық жолға қойылған. Бұған пән

олимпиадаларына қатысқан оқушыларымыздың биіктен көрініп жүргені айқын дәлел

бола алады.

     Білім жолы — қиын да қасиетті жол. Ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеткен жетістігімен

бағаланады десек, осы 2017 – 2018 оқу жылғы 

аудандық пән олимпиадасына қатысқан 30 оқушымыздың 19 – ы жүлделі

орынға  ие болып, «Жүзден жүйрік, мыңнан

тұлпар» шыққан 6 оқушымыз ауданымыздың, намысын қорғап облыстық олимпиадаға

қатысып, 2 оқушы 3 орын Ибрагимова Саяна тарих пәнінен,(мұғалімі Теңсел Назгүл)  Алдабергенова

Гүлден биология пәнінен (мұғалімі Қасымова Рысжан Темирбековна) иеленсе, 1

оқушы Канатова Айжамал ағылшын тілі пәнінен (мұғалімі  Бахтыбаева Айдын Камаловна)  «мақтау қағазымен» марапатталып қайтты.

Сөйтіп Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейінің мәртебесін тағы бір мәрте

көтеріп, ұстаздар мерейін асыра түсті. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз

ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады.

     Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай

шығармашылықпен, жаңашылдықпен  сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу

ұстаздар қауымының  басты міндеті екенін

ұмытпауымыз керек.

Просмотров: 1070


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст