«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданында «Рухани жаңғырудың» жобалық кеңсесі ашылды

16.01.2018

Бұланды ауданында Мемлекет басшысының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғыру»

жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өз мәресіне жетті. Аталмыш кеңсе аудандық

орталық кітапхананың ғимаратында орналасқан.

Дәстүрлі қызыл лентаны аудан әкімінің міндетін

атқарушы Әділет Рақымжанов және аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов

кесіп, қазақтың шашуы шашылғаннан кейін, тұсаукесерге жиналған қонақтар кеңсеге

кірді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тасылбекова, аудан әкімі

аппаратының басшысы Ерғали Шорин, «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мәулиев, білім беру, ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, аудандық Мәдениет үйінінің,

Тілдерді оқыту орталығының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары,

аудандық кітапхана жүйесінің қызметкерлері, аудандық Мәдениет үйінінің

шығармашылық қызметкерлері және жастар қатысты.

Іс-шараның қонақтары жобалық кеңсеге нұрлы болашақпен

қатар, маңызды да мазмұнды іс-шаралардың өтуіне тілектестік білдіріп, Бұланды

ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың басымды

бағыттарының сәтті орындалатынына зор сенім білдірді.

Іс-шараның модераторы – аудандық орталық

кітапханасы – қонақтарды кітап көрмелерімен таныстырып, «Рухани жаңғыру» аясында

әрі қарай жасалатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Айта кететін жайт, аудандық

орталық кітапхананың өлкетану бойынша ұсынылған «Туған өлкем – бұлағым» атты жобасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы облыстық маңызы бар жобалардың

тізіміне енді.

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст