Текст
Аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімінің жаңа жыл шыршасы мәресіне жетіп,
оған жылдағы дәстүр бойынша ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар қатысты.
Аталған іс-шараға Макинск қаласы және ауылдық округтерден балалар келді. Балаларды
аудан әкімінің міндетін атқарушы
Әділет Рақымжанов құттықтап, балаларға зор денсаулық, оқуда табыс,
шаттық пен қуаныш тіледі. Сонымен қатар жүрекжарды ізгі тілегін балаларға арнап
аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман
Құсайынов да жолдады.
Жаңа жыл шаршасы қатысушыларына арналып ертегі қойылымдар көрсетіліп, әдемі
костюмдар киген балалар шыршаны айналып ән айтты. Барлық балаларға сыйлықтар
берілді.