Текст
Журда Макинск қаласының орталық алаңында Жаңа жыл
мерекесінің нағыз символына айналған жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды. Жасыл
шыршамыз мерекелік әшекейлермен безендіріліп құлпырып шықты. Ал мұз қалашығының
ресми ашылуымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділет Рақымжанов құттықтап,
бұландылықтарға зор денсаулық, мол бақыт, табыс тіледі.
Дәстүр бойынша орталық алаңның төрінде орнатылған
орман ханшайымын Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар жағып,
қала тұрғындары шыршаны айналып жаңажылдық өлеңдерді бірге орындады.