«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Макинск қаласының мектеп-лицейінің
аясында «Туған жер» - менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем» атты
ғылыми-практикалық конференция өз мәресіне жетті. Конференция аудан әкімінің
орынбасары Б. Тасылбекованың төрағалығымен өтіп, оған білім беру мекемелерінің
басшылары, аудан педагогтары, мемлекеттік органдарының және қоғамдық
мекемелердің басшылары, жастар қатысты.
Конференция барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымды бағыттары
қарастырылып, туған өлке туралы білу, өлкетану пәнін дамыту сияқты жұмыстардың
қарқын алғаны рухани жаңғырудың маңызды факторы болып табылатыны аталып өтілді.
Аудитория алдында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б. Тасылбекова биылғы
жылдың ерекшелігін атп өтті, себебі биыл Елбасының бастамасымен «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы бастау алып, жер-жерлерде бағдарламаның жобалары жүзеге
асып келеді. Барлық жобалардың негізгі мақсаты – елімізге, жерімізге тән мәдениетті,
ұлттық кодты сақтап қалу.
Конференцияның ұйымдастырушылары, аудандық мәдениет үйі, ашық диалог алаңын
құрып, қатысушыларға туған өлке жайында біраз пайдалы мағлұмат алуға жағдай
жасады.