«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында аудандық орталық кітапханада
Бұланды ауданының танымал тұрғындарымен «Туған өлкем – менің мақтанышым» атты
кездесу өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тасылбекова, Бұланды ауданының
Құрметті азаматы, Бұланды аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, білім беру
саласының ардагері, ақын Ермек Қаратаев, білім беру саласының ардагері,
қоғамшыл тұлға, жергілікті ақын Тамара Барышникова, мекеме басшылары, қала
жұртшылығы, жастар шақырылды.
Кездесу барысында құрылған диалог алаңы арқылы шақырылған қонақтар рухани
құндылықтарды насихаттау, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті дамыту жайында
біраз пікір айтып, жастарға өздерінің ақ тілегін білдірді. Іс-шара барысында
айтылған негізгі ой – туған өлке әрқайсымыз үшін басты мақтанышымыз болуы керек
және тарихты ардақтау, бабалар жолын құрметтеу жастардың міндеті. Кездесу өзіне
тән әдеби формат алып, оның аясында жергілікті ақындардың өлеңдері оқылып,
ақындардың сөздеріне жазылған Бұланды жері туралы әсем әндер шырқалды.