«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Аяла» қайырымдылық қоры ашылды

26.10.2017

Аудандық Мәдениет үйінде «Аяла»

қоғамдық қайырымдылық қорының ашылуына орай мерекелік кездесу өз мәресіне

жетті. Қордың басты мақсаты – соғыс және еңбек ардагерлеріне, ауған соғысына қатысқандарға

және Чернобыль апатынан зардап шеккендерге, қарияларға, асыраушысыз қалған

жандарға, жалғыз басты аналарға және мүгедектерге көмек көрсету. Ал қордың

президенті болып ауданымызға қана емес, сонымен қатар облыс әрі республикаға

аты танымал Серік Құрмашұлы Әкімбаев тағайындылды.

Қордың ашылу салтанатына аудан әкімінің

орынбасары Бақыт Тасылбекова, «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары Қайрат Мәулиев, Бұланды аудандық Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы,

аудандағы белгілі меценат, «ХПП Арна» ЖШС-нің директоры Клара Мендыбаева,

аудандық білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бойынша бас маманы

Татьяна Максимова, «Солнышко» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, аудандық Қоғамдық

кеңестің мүшесі Людмила Ширинская, көпбалалы аналар, қамқоршылар қатысты.

Ашылу салтанаты аясында қайырымдылық

аукцион өткізіліп, сатылған қартиналар мүгедек балаларға арналған кабинетке сыйға

тартылды. Ал меценат Клара Тұңғышқызы «Аяла» қорына алғашқы демеушілікті те

жасап үлгерді.

Шақырылған қонақтар жаңа ашылған

қорға нұрлы болашақ тілеп, мерекелік іс-шараны Аудандық мәдениет үйінің дайындаған

концерттік бағдарламасы жалғады.

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст