«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Рухани келісім – бейбіт өмір бастауы

18.10.2017

18-қазан – Рухани келісім күні. Бір шаңырақ астына сан ұлттың басын қосып, береке-бірлігін жарастырып,

ауызбіршілігін айрандай ұйытып, татулықты ту еткен ел үшін бұл мерекенің маңызы

зор.

Еліміз бойынша жыл сайын аталып өтетін

Рухани келісім күні ауданымызда да атаусыз қалған емес. Аудандық мәдениет

үйінде «Рухани келісім – татулық пен тыныштыққа апарар жол»,- атты кездесу

өтті. Оған аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергенов, мемлекеттік мекеме

басшылары, ұстаздар, діни қызметкерлер және мектеп оқушылары қатысты. Қуандық

Хайдарұлының құттықтау сөзінен кейін ұлтаралық және конфессияаралық келісім,

саяси тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін қаламыздағы 5 орта мектебінің

дінтану пәнінің мұғалімі Айгүл Серікқызы Рысмуханова және Балуан Шолақ атындағы

мектеп-лицейдің ұстазы Теңсел Назгүл аудан әкімінің алғыс хаттарымен

марапатталды. Мерекелік шараға арнайы келген аудандық мешіттің найб имамы Жанат

Қанатұлы Билялов және Новобратск ауылындағы православ шіркеуінің настоятелі Константин

Викторович Брилов рухани келісім күні жайлы өз ойларын ортаға салды. Кездесу

барысында атқамінер азаматтар мен оқушылар арасындағы ашық пікір алмасуға

ұласты. Келелі кездесуді аудандық ішкі саясат білімінің басшысы Айгүл

Бейсембайқызы Жанбатырова түйіндеді.

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст