«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Тіл – халықтың қазынасы

27.09.2017

Тілдерді оқыту орталығының дәрісханасында тілдер онкүндігі аясында бірқатар

іс-шаралар өткізілді.

Үш тілдегі «Мен көп тілді білемін» тақырыбында тереңдетілген топтар

арасында сайыс сабақ ұйымдастырылып, оны ағылшын тілінің оқытушысы Қарлығаш Әшімқызы

Анкинова мен қазақ тілінің оқытушысы Үлмира Насихатқызы Мамбетова өткізді.

Сайыс сабағында тыңдаушылар «Алғырлар» және «Білгірлер» болып екі топқа бөлінгеннен

кейін, әділқазы алқасының құрамы сайланды. Бұланды ауданының «Мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Орал Серікқызы Құрымбаева, аудандық білім бөлімінің

әдіскері Жанар Шукриддинқызы Ажданова, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Әсел

Жамбылқызы Сабирова тыңдаушылардың сайыс сабақта үш тілде өз білімдерін еркін көрсете

білетіндігін бағалап, әдел бағасын беріп отырды. Сайыс негізгі 7 кезеңнен тұрып,

сайыскерлер сұрақ-жауап, мақал-мәтелдерді толықтыру, «Мимика» әдісі, «Конверт» әдісі,

үш тілде санау кезеңдерінде өздерінің білімдерін көрсетіп, тілдің абыройын асқақ

етті. Сайыс қорытындысы бойынша «Алғырлар» тобы жеңіске жетіп, «Полиглот» жүлдесін

жеңіп алды, ал «Білгірлер» тобы «Тіл шебері» номинациясына қол жеткізді.

Тілдер онкүндігімен тұспа-тұс аталып өтілген Отбасы күнінің аясында жалғастырушы

тобының тыңдаушылары арасында «Отбасы - өмір мектебі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақты орталық оқытушысы Үлмира Насихатқызы Мамбетова өткізді. Ашық сабаққа мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Гүлжанат Бекмырзақызы Қартбаева,

кітапхана, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері

қатысты. Ашық сабақта «Қазтест» жүйесінің элементтері қолданылып, оқылым,

жазылым, айтылым әдістері толығымен қамтылды.

«Бұланды Ақпарат».

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст