«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Тамыз конференциясы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

29.08.2017

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

Аудандық Мәдениет үйінде жаңа оқу жылының алдында дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің

тамыз педагогикалық кеңесі өз мәресіне жетті. Конференция «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбына бойынша өтті.

Білім қызметкерлер кеңес жұмысында аудан әкімі Қ. Испергенов, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы А. Сулейменова, педагогикалық еңбек ардагерлері, аудан мекемелері мен ұйымдарының

басшылары, аудандық әкімшілік бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.

Конференцияның «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» атты негізгі тақырыбы

бойынша толық ақпаратты өз баяндамасында аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Б. Есмурзина ұсынды.

Педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы барысында адал еңбегі мен

білім беру саласына қосқан үлесі үшін ұстаздар қауымы марапатталды. «Қазақстан

Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен Балуан

Шолақ атындағы мектеп-лицейінің оқу-ісі бойынша директор орынбасары А.

Тамимова, Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен Балуан Шолақ атындағы

мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі Л. Устажанова марапатталды. Бірқатар

ұстаздаздар қауымы аудан әкімінің алғыс хатымен және Ақмола облыстық білім беру

басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Тамыз конференциясына жиналған қауымға әсем ән мен тамаша өлең шумақтарын оқушылар

мен ұстаздар жолдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст