Бұландылықтардың қаламыздың көркеуіне бағытталған ізгі ниеттері және қандай да болмасын
игі әрекеттері ауыз толтырып айтуға тұрарлық.
Жуырда қала өмірінде өзгелерге үлгі болатындай тағы да бір оңтайлы оқиға орын алды.
Аудандық мәслихаттың депутаттары мәслихат хатшысы Ш. Құсайыновтың басшылығымен бұрыңғы №
4 мектептің аумағында балаларға арналған алаң орнатты. Керекті қаражат жинап,
материалға тапсырыс беріп, алаңның дизайн жобасын өздері бірлесіп жасады. Ал
жақында халық қалаулары жиналып, балалар алаңын салтанатты түрде Макинск
қаласының әкімі С. Кеженевке тапсырды.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш. Құсайынов балалар алаңының ашылу салтанатында қаламыздың
гүлденуін тілеп, депутаттар қауымына белсенділігі үшін алғыс айтты және осындай
жақсы істер алдағы уақытта жалғасын таба бергей деген ниетін білдірді.