Жарқырай бер, гүлдей бер, Астана!
Мемлекеттік мереке – Астана күні қарсыңында аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиналыс
және мерекелік концерт ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Қ. Испергенов, аудандық
мемлекеттік мекемелердің және мектеп басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері,
еңбек ардагерлері, окушылар қатысты.
Құттықтау сөзін аудан басшысы Қуандық Испергенов Астана – еліміздің жүрегі, ел мақтанышы
екенін атап өтіп, бұландылықтарға зор денсаулық, мол бақыт пен ашық аспан
тіледі.
Аудан әкімінің алғыс хатымен мемлекеттік мереке аясында бірқатар бұландылықтар
марапатталды.
Іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін концерттік бағдарлама өз мәресіне жетті. Биыл
ауданның басты сахнасында көршілес Аққөл ауданының шығармашылық ұжымдары және
вокалистері тамаша концерт ұсынды аудан тұрғындарына. Сондай-ақ, мерекелік
сахана төрінде жергілікті бұландылық әртістер де өздерінің өнерімен қуантты.