Ақмола облысының білім басқармасы мен Қазақ Инфокоммуникация Академиясының Сisco
Желілік Академиясы бірігіп Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қолдауымен Бурабай ауданы
"Щучье қаласының, Жоғары колледжі" МКҚК базасында информатика пәнінің
орта мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған «IT Essentials»
курсын өткізді.
IT Essentials курсы АT секторында бастапқы деңгейдегі лауазымдарға қажетті негізгі
компьютерлік және кәсіби дағдыларын қамтиды. Курс бағдарламасында корпоративтік
желілерді басқару саласында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін зертханалық
жұмыстар бар. Модельдеу құралдары арқылы іздеу дағдыларын қалыптастыру,
ақауларды жою, тәжірбиеде білімін тексеруге көмектеседі. Қазіргі таңда 53
мұғалім сертификаттар алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
Б.Сағынтаев пен Cisco корпорациясының атқарушы төрағасы Джона Чамберса кездесу
барысында қол қойылған келісімге сәйкес Cisco «DigitalKazakhstan–Сандық
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдайтын болады.
«DigitalKazakhstan–Сандық Қазақстан» бағдарламасы ұлттық сандық инфрақұрылымды
нығайтуға және Қазақстанның экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін
ынталандыруға бағытталған.
Осы Келісімнің шеңберінде, технологиялық кадрлар резервін дамыту және сандық
дағдылары бар жаңа жұмыс күшін дайындауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің
мақсатын қолдау үшін Cisco Қазақстанның желілік Академиясы бағдарламаларын
кеңейтеді. Cisco желілік Академиясы –бұл АТ пәні бойынша оқу-әдістемелік
материалдарды ұсынатын коммерциялық емес білім беру бағдарламасы. Мемлекеттік
бағдарлама орта мектептер мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық арқылы
2020 жылы 10000 оқушы мен студент тартуға бағытталған.