«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Жол қозғалысы инспекторы-2017» байқауында ІІІ орынды жеңіп алдық

21.06.2017

«Жол қозғалысы инспекторы-2017» байқауында ІІІ орынды жеңіп алдық

Жол заңы дұрыс жүріп, абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзу, үлкен қауіп-

қатер  тудырады. Адам өмірі -бәрінен де қымбат. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе

балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны,

шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны, қалтарыстан

жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина 

дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері  жарақат алады. Ал

кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте

оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан

қорытынды жасап отыруға міндетті.  Балалар арасында жол

апатының алдын алу мақсатында құрылған, қауіпсіз

жол-болашаққа бастар жол-деп ұрандатқан мектебіміздің «Жас жол сақшылары»

командасы  облыстық  «Жол қозғалысы инспекторы-2017» байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. «Звёздный» сауықтыру демалыс орнында өткізілген байқау 10 кезең бойынша әрі тартысты әрі

қызықты өткізілді. Оқушылар жол ережесі бойынша білімдері мен шеберліктерін

ортаға салды. Таза ауада сайысып әрі демалып келген оқушылардың жазғы демалысы

осылай қуанышты жаңалықпен басталды. Оқушылардың сайысқа қатысуына қолдау

көрсеткен мектеп директоры Жаркин Дулат Сандыбаевичқа, оқушылардың

ата-аналарына, сонымен қатар балалармен бірге сайысқа қатысып өз үлесін қосқаны

үшін аудандық ішкі істер бөлімінің аға

лейтенанты Тургумбаев Бекзат Қадырбаевичқа  алғыс білдіреміз. 

Жолымыз қауіпсіз болсын.  Жол ержесін сақтауда барлық жаяу

жүргіншілермен қатар көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерде  аса жауапкершілік танытса, біздің болашағымыз

балалар- аман болатынын естен шығармайық ағайын!

 

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст