«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Жас таланттар бақ сынады

13.06.2017

Жас таланттар бақ сынады

Аудандық мәдениет Үйінде «Әнші балапан»,-

байқауы ұйымдастырылды. Қала және ауыл мектептерінің үкілеген үміттері қатысқан

жас таланттар байқауы жоғары деңгейде өтті. Балғын тілдерімен әуелете ән салған

бүлдіршіндер сахнаның сәнін кіргізді. Байқауға қатысқан 38 үміткер жас

ерекшеліктеріне қарай 3 топ бойынша сынға түсті. Бірінші топта 5 және 7 жас

аралығындағы балғындар өнер көрсетсе, екінші топта 8-бен 11 жас аралығындағы

өнерден сынға түсті. Ал, үшінші топта 12-15 жас аралығындағы жастар бақтарын

сынады. Байқауға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Орал Серікқызы

Құрымбаева, «Благовест» Ұлттық казактар хорының әншісі Бойка Валентина

Борисовна, «Бұланды назы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Өнербек Мәмидолда,

«Сердало» ингуш ұлттық би ансамблінің бишісі Ведзижева Тамара Мустафаевна және

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Шынар Қайырбекқызы Каскеева төрелік

етті. Боз даланың бұйра шаңын көтерген аламандай жас бүлдіршіндердің байқауы

сәтті басталды. Ең жас үміткерлер қатысқан 1-топта Балалар Музыка мектебінің

тәрбиеленушісі, 5 жасар Ғазиза Мұхамеджанова 3-орынан көрінді. Жас болса да

Ғазизаның сахнаны сезіне білуі, өзін еркін ұстауы көңілге қуаныш ұялатты.

Жетекшісі Л.А. Жигиреева. Бұл топта 2-орынды еншілеген 7 жасар Бақытбек Дінасыл

үлкен сахнада төселген әншілердей көпшіліктің алдында өнер көрсетті. Дінасылды

өнер бәйгесіне баптап жүрген әкесі М.Оспанов. Қазылар алқасының шешімімен

1-топта қара үзіп шыққан Балалар музыка мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі

Арина Телепнева.  Жетекшісі А.Р.Тасанова. Нағыз тартысты бәсеке 2-топтағы үміткерлер арасында өтті. Бір айта

кетерлігі бұл топта республикалық сайыстың бірнеше мәрте жеңімпаздары өнер

көрсетті. 3-орынды Алтынды орта мектебінің оқушысы Влох Ванесса иеленді. Ұстазы

А.И. Чиколенко. 2-орыннан Балуан Шолақ атындағы мектеп лицейдің оқушысы Нұртөре

Қасқырбай көрінді. Нұртөре ән шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Әуелеткен

әні, жарасымды қимылы сахнаға сән берді. Әншілік өнердің қыр-сырын үйретіп

жүрген А.Айтуған. Бұл топта 1-орын ауданымыздың атын республикалық сайыстарда

асқақтатып жүрген жас әнші, қаламыздағы мектеп-лицейінің оқушысы Жалғасов

Арнұрға бұйырды. Арнұр сахнада өзін байсалды ұстап, Алла берген дауысын, табиғи

талантын көрсете білді. Арнұрдың қанатын қомдап, томағасын сыпырып жүрген

ұстазы Ө.Зәурегүл. Ал, 12-15 жас аралығындағы жастар бақ сынаған топтан

көпшілік талғамды әндер күтті. Бұл топта №5 орта мектептің қос бірдей оқушысы

жүлделі орындардан көрінді. Аникина Татьяна 3-орынды қанжығаласа, Авил Сымбат

2-орынды иеленді. Жетекшілері С.М. Макишева. 1-орын Балалар музыка мектебінің

тәрбиеленушісі Гирьева Анжеликаның еншісіне бұйырды. Ұтазы Е.А. Сухоставская.

Байқаудың ең жан тебірентер сәті Бас жүлде иегерін анықтау болды. Кіл жүйріктің

ішінен бағы мен бабы қатар шапқан талантты анықтау қазылар алқасына оңайға

соқпады. Өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша, қай

жағынан болмасын қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Қуатбек Нұрдана «Гран-При»

иегері атанды. Нұрдана қаламыздағы Балуан Шолақ мектеп лицейінің оқушысы.

Жетекшісі А.Айтуған. Нұрдана бас жүлдеге ерекше дауысы, әншілік қабілеті,

орындау шеберлігінің арқасында жетті. Сайыс жеңімпаздарына аудандық мәдениет

үйінің атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жастары өнерлі елдің ертеңіне

үлкен сенім артары анық. Осындай өнерлі жастардың барына қарап еліміздің

ертеңіне сеніммен қараймыз.

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст