«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұландылықтар «ЭКСПО» көрмесіне баруды бастады

13.06.2017

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға Бұланды ауданынан бірінші

топ аттанды. Олар 150 оқушылар және олармен қоса еріп барған педагогтар.

Бұландылықтар көрме павильонын бір күнде аралып шықпақ, себебі олар Елордаға

таң атысымен аттанды.

Айта кететін жайт, өткен жұма күні Елордада көптен күткен халықаралық мамандандырылған

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дүниежүзілік көрмеге 115 ел мен

22 халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Ал бірқатар мемлекет басшылары, жер-жерден келген жоғары мәртебелі қонақтар қатысқан ашылу

рәсіміндегі сән-салтанат һәм шоу-бағдарламаны жылдың ең айтулы оқиғасына балап

жатқаны жасырын емес.

Мемлекетіміздің мығымдылығын, еліміздің еңселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың

қонақжайлығын, жалпы айтқанда  ұлтымыздың ұлылығын көрсеткен тарихи сәт —

«Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын күллі қазақ елі

тамашалады.  

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст