Оқытуға критериалды бағалауды енгізу бойынша ауданның 1
сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 10.02.2017ж Макинск
қ., мектеп-лицейінің негізінде «Білім беру мазмұнын жаңарту: мәселелері және оның
шешу жолдары» тақырыбында оқыту-семинар өткізілді. Осы семинарға ПШО-ның
жаттықтырушылары (педагогикалық шеберлік орталығы) Журунтаева Сауле Байкешевна,
Рахымжанова Баян Каиржановна, Журба Лилия Витальевна сондай-ақ облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Исмаилова
Майра Исполовна шақырылды. Қатысушыларды тіркеу деректемесіне сәйкес семинарға
68 мұғалім қатысты.
1 сынып мұғалімдеріне практикалық көмек үшін семинарда
ашық сабақ берілді: Азнабаева С.Т.(Б.Шолақ ат. мектеп-лицей), Қаракет Қ.( Б.Шолақ
ат. мектеп-лицей), Сарсенбаева Қ.Қ.(мектеп-гимназия), Сарбасова Д.Д.(мектеп-гимназия),
Жуковская О.В.(№3 ОМ), Каренова А.С.(мектеп-лицей). Семинардың рефлексиясы
«Дөңгелек үстел» болып табылды, онда ПШО-ның жаттықтырушылары тәрбиесімен
бөлісті. ПШО-ның жаттықтырушыларының сөз сөйлеуі тыңдаушылардың қызығушылығын
арттырды, бір-бірімен пікір алмасу басталды. Семинар соңында аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сагиева
Нурлагаим Жумабаевна ПШО-ның мамандарын тарта отырып оқыту-семинарларын
өткізуді ұсынды.