Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Жазба жұмыстарын бағалауды сөйлеу әрекетінің «Жазылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлер мен дескрипторларды қолдана отырып, өткізу ұсынылады.
Бағалау критерийі: білім алушы
Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық заңдылықтарды қолданады.
Тұтас жазбаша пікір қалыптастыру үшін бөлімдерді қиыстырып қамтиды.
Мәтіннің құрылымын сақтайды (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, соңы).
Грамматикалық нормаларды сақтайды.
Материалдың құрылу логикасын сақтайды (мазмұндама, шығарма).