Сөйлеу әрекеттерін бағалау бойынша ұсыныстар
Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл сабақтарындағы сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі негізінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда сөйлеудің коммуникативтік қызметіне, яғни қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) көп көңіл бөлінеді.
Монологтіқ сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Монологте сөйлеушінің ойы, пікірі, көңіл күйі, психологиялық ішкі толғанысы көрініс табады.
Диалогтіқ сөйлеу – екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. Диалогте сөйлеу мен тыңдау әрекеттері қатар жүреді. Диалогте оқиға мен болмыс нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады.
Сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлер мен дескрипторларды қолдана отырып, өткізу ұсынылады.
Бағалау критерийі: білім алушы
Сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана алады.
Өз ойын жүйелі, еркін жеткізеді.
Оқиғаның жүйесін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтап баяндайды.
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.