Құрметті Макинск қаласының тұрғындары мен қонақтары!!! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық акциясын өткізу туралы хабарлайды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік көмекке құқығы бар балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек көрсету. Біздің ауданда осындай отбасылардан шыққан оқушылар бар, сондықтан өскелең ұрпақты оқыту проблемасына бей-жай қарамау керек, өмірде қиын жағдайға тап болған кішкентай отандастарымызға көмектесе алатын әрбір адам мұны істеуі керек. Сонымен қатар, аз қамтылған, мұқтаж отбасылардың проблемаларына бей-жай қарамайтын бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және барлық тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Ақпарат алу үшін ауданның білім бөліміне телефон арқылы хабарласуға болады 8(71646) 2-15-26, 8(71646)2-12-52. Әркім көмектесе алады! Білім беру бөлімі Бұланды ауданы