Текст
Бұланды ауданында балалар жылы аясында "Алтын күн аспаны"балалар фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға екі жүзден астам бала қатысты.
Фестиваль аясында балаларға аниматорлар мен әртістердің қатысуымен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, балалар үшін асфальтта сурет салу конкурсы, Көңілді старттар, дискотека сияқты ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар тегін тәтті тағамдар: балмұздақ пен тәттілер алды, демеуші Бұланды ауданының депутаттық корпусы болды.