Бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру мақсатында 21-27 қазан аралығында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауда 13 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Конкурстың 1-ші кезеңі «Бейнесабақ», «Портфолио» және «Мен – заманауи бастауыш сынып мұғалімімін» эссе ресімдеу шарттарынан болса, 2-ші кезеңі математикалық есептер шығару тапсырмасынан тұрды.
Педагогтар оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігін, қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларды пайдалану тәжірибелерін ортаға салды.
Комиссия мүшелері конкурс материалдарын саралап,жеңімпаздарды анықтады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта үлкен жетістіктерге,табыстарға және кәсіби шыңдарға жете берулеріңізге тілектеспіз!