Бастауыш сынып онкүндігінің аясында 18 қараша күні Макинск мектеп-лицейінің базасында «Жүзден жүйрік» ұлттық ойындар спорттық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты - оқушылардың ұлттық ойындар арқылы қызығушылығын, спорттық шеберліктерін,мүмкіндіктерін арттыру; спортқа құмар, дарынды балаларды анықтау.Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты орнату.
Сайыста қала мектептерінің 3-4 сынып ұл-қыздары жарысты. Шарт бойынша әр команда топтың атын, ұранын,ерекшеленетін киім үлгісін дайындау болды. Оқушылар шапшандылығын,күштерін және ұйымшылдығын сайыс барысында көрсете білді.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша 1 орынды және «Үздік киім үлгісі»номинациясын Макинск №1 жалпы білім беретін мектебінің «Олимпийцы» командасы жеңіп алды. 2орынға «Жалын» атты Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі мен №2 жалпы білім беретін мектебінің «Алтын сақа» командалары ие болды. 3 орын- мектеп-гимназияның «Барыс» және «Жас қыран» мектеп-лицейінің командалары иеленді.