Текст
2019 жылғы 5 желтоқсанда Макинск қаласындағы мектеп-гимназия базасында ғылым негіздері бойынша аудандық олимпиаданың бірінші туры өтті. Жарысқа 18 орта және 7 негізгі мектеп қатысты. Олимпиаданың 266 қатысушысы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, география, биология, химия, тарих, ағылшын тілдерінен білімдерін көрсетті.