«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Инновациялық үдерістер – білім сапасын арттырудың негізі»

12.12.2022

Бұланды аудандық білім бөлімінің әдістемелік қызметі қатысқан, Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 10 жылдығына орай Көкшетау қаласында «Білім-инновация алаңы» тақырыбында көрме өтті. АӘК басшысы Жанар Жансерікқызы Алдабергенованың жетекшілігімен «Инновациялық үдерістер – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында көрме ұсынылып, нәтижесінде әдістемелік қызмет жоғары бағаланды. Баяндамашы ретінде әдіскер Ғалия Рахымқызы Баитова сөз сөйлеп, бұл бағыттағы жұмыстарды көрсете отырып, жоғары кәсібилікті көрсетеді.
Мектеп гимназиясының, № 1 орта мектептің, мектеп-лицейдің, Қараөзек орта мектебінің, Капитоновка орта мектебінің, «Балдырған» балабақшасының, «Айгөлек» балабақшасының білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне көрмені бірлесіп ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Табыстың 10 қыры» байқауында 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, құрметті ұстаздар! Білім саласына қосқан үлесі үшін аудан ұстаздарына алғыс білдіреміз!  Біздің күшіміз бірлікте!

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст