Бұланды ауданы білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік кабинеті» ММ-нің 2019-2020 жылғы жұмыс жоспарына негізінде 2019 жылғы 10 желтоқсан күні «Жаңартылған білім мазмұнын аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптастыру жолдары» тақырыбында Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинары өтілді.
Семинардың мақсаты аттестациядан өтіп жатқан педагогтардың іс тәжірибесін байқау, тәжірибе алмасу көзделді.
Семинарға ауданның барлық қазақ және аралас тілді мектептерде сабақ беретін ұстаздар қатысты.
Елтай ОМ- нің қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таутиева А.Қ, Б.Шолақ атындағы мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекебаева Г.М –лар ашық сабақ өткізсе, Авилгазы Біргүл сыныптан тыс іс шара өткізді. Семинар соңында мектеп оқушылары Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Қорытындысында ұстаздар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтып, кері байланыс жасады.