11-желтоқсан Макинск қаласының мектеп-лицейі базасында «Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы: мұғалімдердің оқу мен оқыту тәжірибесін өзгертуде сындарлы кері байланыстың ықпалы» атты аймақтық семинары өтті. Семинардың мақсаты: тиімді оқу мен оқытуды дамытуда сындарлы кері байланыстың ықпалы бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері Жанар Кадырбековна, педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Пазылова Гульмира Шойгариновна, Журунтаева Сауле Байкешевна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әдіскерлері Суиндыкова Баян Сабитовна, Жуманбаева Айгуль Оразовна, Жумабаев Марат Мерекеевич, Ақкөл, Біржансал, Бурабай, Бұланды, Шортанды аудандарының педагогтары қатысты. Семинарда Макинск қаласы мектеп-лицейінің әкімшілігі мен тәжірибелі мұғалімдері өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барасыныда тәжірибелі мұғалімдер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахманова Гүлзахира Рахметовна, биология пәнінің мұғалімі Дюсембаева Анара Казбековна және тәжірибелі мұғалім Еркенова Анар Ризабековнаның тәлімгері жас маман Серикова Айгерим Сериковна, Ахметжанова Қарлығаш Құттыбековнаның тәлімгері Темирханова Саягүл Жаслановна, математика пәнінің мұғалімі Ахметжанова Маржангүл Садуовнаның тәлімгері Оңғарбай Ғалымбек, Алтынды серіктес мектептен Нурмуканова Тахмина Орымбаевна, №5 жетекші мектептен Жанбуршинов Рашид Кенжебаевич ашық сабақтар беріп мектепте озық тәжірибені тарату және жас мамандармен жұмыс қалай жүргізілетіндігімен бөлісті.
Мектеп тренерлері Еркенова Анар Ризабековна, Ахметжанова Қарлығаш Құттыбековна, Ахметжанова Маржангүл Садуовна семинар қатысушаларға коучингтер өткізді. Сонымен қатар мектеп директоры заманауи көшбасшы Темиргалиева Анар Еслямбековна заманауи мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөліссе, директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Каренова Айжан Сериковна мектептің әдістемелік қызметінің, көшбасшысы Еркенова Анар Ризабековна шығармашылық топтың жұмысының жүргізілуімен таныстырды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері: «Критериалды бағалау: қара жәшіктің ішіндегі жұмыс» атты қарқынды тренинг жүргізді. Қорытындысында ұстаздармен кері байланыс өткізілді.