«Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 болып тіркелді. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және қағаз жеткізгіште бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары ( бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Құжаттар тізімі:
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі (паспорт, жеке куәлігі), мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.