2023 жыл 3 мамыр ауданда «Үздік білім беру ұйымы» байқауы өтті. Конкурстың негізгі мақсаттары-тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату. Бұл байқауға қатысу үшін ауданның 6 мектебі өтінім берді. Мектеп басшылығының презентациялық сөздерін Конкурстық комиссия келесі құрамда бағалады: К.Н.Исмагамбетова - аудан әкімінің орынбасары; Н.Б.Сексенов - аудандық мәслихат төрағасы; Т.Р.Хожабай – «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы; А.Е.Аманжолова – «Бұланды Ақпарат» аудандық газетінің редакторы; А.А.Жолдыгулова - аудандық білім бөлімінің басшысы; К.А.Байтемирова -білім беру қызметкерлері кәсіподақ төраға кеңесінің төрағасы; Ж.Ж.Алдабергенова - АӘК меңгерушісі; С.С.Маликова - білім бөлімінің әдіскері; Т.К.Нурмуканова - Б.Шолақ ат.мектеп-лицей мұғалімі; А.А.Тулебаев - білім бөлімінің бас маманы. Ұзақ талқылау және балдарды нақты есептеу нәтижесінде мектеп қызметін бағалаудың барлық критерийлері бойынша жүлделі орындардың иегерлері:
Бас жүлде- «Никольское ауылының №2 ЖОББМ»;
1 орын – «Макинск қаласының №1 ЖОББМ»;
2 орын- «Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей»;
3 орын- «Вознесенка ауылының ЖОББМ».