Бұланды ауданында облыстық аймақтық семинар-практикумын өткізу туралы «Инновациялық-жобалық қызмет балабақшада білім беру қызметін ұйымдастыру
формасы ретінде» ақпарат
Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 7 ақпанында Бұланды ауданы Макинск қаласындағы "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы "Қазағым қазақилығы" облыстық жобасына енгізіліп тәжірибелерімен бөлісті. Оған Бурабай, Біржан сал, Зеренді аудандары қатысты. Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2022 оқу жылдарына арналған ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет бойынша «Инновациялық-жобалық қызмет балабақшада білім беру қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында II облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.Семинарға облыстың 40-тан астам педагогтары қатысты
Бұланды ауданының әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Баитова ұйымдастырылған жобалар көрмесімен таныстырып,сөз кезеңін облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне Кажахметова Айман Неғметжанқызы және Нұрмағамбетова Гүлнәз Зәркейқызына берілді. Кажахметова Айман Неғметжанқызы "Бір минут сөйлесуге" семинар-практикумының тиімді жұмыс жасауына арналған атты семинарды құттықтау сөзімен ашты.
Семинар практикалық бөлімнен басталды, онда Бұланды ауданының "Айгөлек" бөбекжай - бақшасының педагогтарымен сабақтар көрсетілді: "Қазақтың салт-дәстүрлері"– Исмаилова Рыскүл Бердібекқызы, "Мой любимый город – Синица Елена Александровна, "Язык-сокровище народа" – Фогель Анна Евгеньевна,интеллектуалды ойын "Не? Қайда? Қашан?"- Баяхметова Әсемгүл Кенелқызы, М. М. Воскобович технологиясы бойынша мастер-класс-Самохвалова Марина Юрьевна.
Практикалық бөлім Айман Негметжанқызы өткізген "Кім инновациялық - жобалық әдістің білгірі болғысы келеді" атты педагогикалық жұмыспен аяқталды.
Сонымен қатар, Бұланды ауданының "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Иванченко Наталья Николаевна, Бурабай ауданының "Ромашка" бөбекжай - бақшасының меңгерушісі Быстрова Светлана Станиславовна, Бурабай ауданының "Балдырған" балабақшасының әдіскері Шакирова Меруерт Аманжуровна, Көкшетау қаласының № 6 "Нұрай" балабақшасының әдіскері Сейтикова Торка Калиевна ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызметті енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық-жобалық қызметтің табыстылық критерийлері мен мәселелері талқыланды. Бұдан әрі бірлескен жұмыс үшін әдістемелік ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Г.Баитова