Құрметті ардақты аналар, аяулы әпкелер мен қарындастар!
Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де, қуанышты мезгілі – көктемнің алғашқы мерекесінің бірі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық әйелдер күні – баршамыз үшін ерекше ыстық мереке. Себебі, бұл ең алдымен біздің аналарымыздың мерекесі. Өйткені, адамзат баласы үшін анадан ардақты, анадан асқақ, анадан қымбат ешкім жоқ. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында»-деп халқымыз аналарды ардақтап келген. Құшағы күннің шуағындай жылы, асыл аналарымыз – көңілдің нұры болса, ару қыздарымыз – өмірдің гүлі.
Қасиетті халқымыз сұлулықтың, мейірімділіктің, ақылдылықтың ұшқынын айналасына дарыта білген қыз баланы айрықша ардақтап, оларды инабаттылыққа, иманжүзділікке тәрбиелеген, әйел затына аса қамқорлықпен қараған.
Болашағын ойлаған ел ең алдымен, әйелдерге құрмет көрсетеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әйел-ананың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Өйткені, ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі.
Қазіргі қоғамда сіздер отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін, шаңырақтың береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси өміріне белсене атсалысып, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге зор үлес қосып отырған қоғам мүшесісіздер.
Бүгінгі біздің барлық жетістіктеріміз сіздердің белсене атсалысуларыңыздың арқасында мүмкін болып отыр. Сіздер біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесіне айналдыңыздар.
Аяулы асыл жандар!
Махаббат пен төзімділік арқылы әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сіздерге алғысым шексіз. Баршаңызға өмірде кездесетін қиындықты жеңе білу үшін сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік тілейміз. Алдағы уақытта да қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала беріңіздер!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз!
Білім бөлімі