«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыстық сырттай конкурс "Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар"

06.11.2023

Бұланды ауданы бойынша 2023-2024 оқу жылы бастамасында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» облыстық сырттай конкурсының аудандық кезеңіне 13 мектепке дейінгі ұйым педагогтары өз жұмыстарын ортаға салып сайысқа қатысты. Конкурстың мақсаты: «Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;

- инновациялық даму тұрғысынан мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен білім беру технологияларын жаңарту» осындай мақсат педагогтардың алдына салынды.

Конкурстың міндеттері:

- қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді дамыту;

- шығармашылық бастаманы дамыту және педагогтерді инновациялық қызметке ынталандыру;

Конкурстың бағалау критерийлері  бойынша І орын Нургалиева Зейни Құттыбековна «Балдырған» бөбекжайының әдіскері  «Ойлау, ойнау, тәжірибе жасау арқылы өзің танып ал» әртүрлі қызмет түрлерінде балалардың бастамашылдығы мен қызығушылығын қолдау мақсатында қысқа мерзімді жоба қарастырылды, Жаксалыкова Анар Сабитовна «Балдырған» бөбекжайының логопеді аудан кезеңінде ІІ орынға иеленіп «Биоэнергопластика элементтерімен артикуляциялық жаттығуларды қолдану арқылы балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету» инновациялық жобаны ұсынды.Аталған педагогтар облыс кезеңіне жолдама алды. Қожабергенова Бахытгуль Ердаулетовна «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі ІІ орын және  Хуандық Арайгуль «Балдаурен» бөбекжайының тәрбиешісі аудан кезеңінде алды.  Облыс кезеңіне өткен педагогтарға сәттілік тілейміз. Г.Баитова АӘК әдіскері

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст