Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Мектепке дейінгі ұйымдардың 2023 жылға Тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Конкурстық комиссияның төрағасы – Жолдыгулова А.А. – Бұланды ауданы білім беру бөлімі ММ басшысы. Макинск қаласы, Лесная к,7. тел. 8-716-46-2-35-24.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері 2 тараудың 2-параграфында немесе 3-параграфында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
2.Тарау, 1параграф, 13.тармақ.Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);
4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;
6) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;
7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары Ұлттық білім беру деректер қорындағы тіркеуге сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өңірден тыс жерлерге орын ауыстыруын және олардың шығуын есепке алуды қамтамасыз етеді
2.Тарау, 1параграф, 14тармақ. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беру бөлімінің электрондық поштасына барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай жібереді. Қабылдау уақыты 08.12.-10.12.2023 ж.қоса алғанда, сағат 9.00 -18.30 жергілікті уақытпен.
Құжаттарды Электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды Мектепке дейінгі ұйым Бұланды ауданының білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетін ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету секторына қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) Мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) Бұланды ауданының білім бөлімінің ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету секторына қолма-қол беріледі.
Қосымша ақпаратты: 8(71646) 2-15-26 телефон арқылы білуге болады.
Конкурстық құжаттарды 14.12-23.12.2023ж. қаралатын болады.