Бұланды ауданы білім бөілімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары негізінде 2023 жылдың 24 қарашасында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен мектепке дейінгі мекемелерде арнайы мамандардың жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел құзыреттілік орталығы болып табылатын Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайында өтті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандары логопед, дефектолог, педагог-психолог, әдіскерлер қатусыумен ұйымдастырылды.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы арнайы мамандардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету туралы әдістемелік кабинетінің әдіскері сөз сөйледі. Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайының логопеді А.С.Жақсылыкова «Мектепке дейінгі балалардың тіл мүкістігін жоюға арналған жаттығулар» тақырыбында баяндама жасады. «Балддәурен» бөбекжаының тәрбиешісі Б.М.Молдыбаева «Ерекше балаларға білім беру тәсілі де ерекше болу қажет» тақырыбында баяндап берді. «Балдырған» бөбекжайының педагог-психологы А.А.Жахина «Қиындықтарды кетіріңіз» тренинг өткізді. Л.М.Джаксылыкова, «Айголек» бөбекжайының педагог-психологы «Ценность индивидуальной работы с детьми» атты баламен жеке жұмыс жасауын баяндамасын ұсынды. А.С.Тастубаева «Балдырған» бөбекжайының дефектологі «Дефектолог маманының мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бағыттары» туралы ақпарат беріп, жадынама таратылды. Дөнгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар қабылданды.
Г.Р.Баитова (АӘК әдіскері).