«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бастауыш сынып онкүндігінің қорытындысы

30.11.2023

Бастауыш сынып онкүндігінің қорытындысы

 

      2023 жылдың  13-24 қараша күндері аудандық әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша «Мәңгілік  елдің болашағымыз» тақырыбында бастауыш сынып онкүндігі болып өтті.  Мақсаты:  бастауыш мектеп оқушыларының пәндерге деген қызығушылығын арттыру; танымдылық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту; дарынды оқушыларды айқындау.

 Онкүндік  аясында бастауыш сатының мұғалімдері  мектептің бір қабатын мерекеге сай шарлармен,гүлдермен,апталықтың тақырыбын түрлі –түсті етіп іліп ,суреттермен,қабырға газеттерімен ,гүлдермен безендірілді.

     Күнде түрлі іс-шаралар өткізілді: ашық сабақтар,пән олимпиадалары,өнер сайыстары, байқаулар,спорттық-ұлттық ойындар, шығармашылық көрмелер. Мектепішілік «Үздік каллиграф»байқауының және пән олимпиаданың жеңімпаздары анықталып,сәуір айында өтетін аудандық кезеңге жолдама алды. Қуанышы мол, әсерлі де мазмұнды апталығымыздың соңғы күні жеңімпаздарды, белсенді де өнерлі, білімпаз және спортқа құмар  оқушыларымызды салтанатты түрде  марапаттап, қорытындылады.

  Күн сайын өткізіліп отырған іс-шара мектеп сайттарында жарияланып отырды.Сонымен қатар онкүндіктің жоспары бойынша қорытынды есебі жіберілді, бастауыш мұғалімдер қауымдастығының презентациялары қаралып ,жеңімпаздар анықталды.

1 орын- Макинск Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей

              Никольское №1 ЖОББМ

2 орын –Макинск мектеп-гимназия,ЖуравлевкаЖОББМ,Вознесенка ЖОББМ

3 орын- Аққайың НББМ,Гордеевка НББМ,Байсуат бастауыш мектебі.

 

Г.Т. Джамбасова, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст