Бұланды ауданының әдістемелік кабинетінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жуырда мектепалды сыныптар арасында онкүдігі аяқталды.
Мақсаты: Мектепалды сыныпта оқытудың замануи технологияларын қолдану арқылы, жаңаша білім беріп, тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру. Аудандық әдістемелік кабинет онкүндік кезінде тиімді жұмыс істеу үшін жоспарын бекітіп, мектепалды сыныптар педагогтарына табыс етті. Жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында салтанатты ашылу және қорытынды марапаттау өтті. Кітапхана көрмесі,балалар арасында сурет салу байқаулар және пәндік олимпиадалар ұйымдастырылды. «Балаларға базарлық» кітап бұрышын ұйымдастыру көрмесі, көркем әдебиет ертегіні сахналау көріністер және зерттеу жұмыстары бойынша конкурстар өтті. Онкүндік аясында «Мектепалды сынып балаларымен жұмыс жасаудағы педагогтердің инновациялық қызметі» атты аудандық семинар және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық сабақтары өткізілді. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жариалануда болды. Жоспарға сәйкес қорытынды шығару мақсатында «Үздік мануал» байқауы өткізілді. Жеңімпаздары аталып марапатталды. Өткізілген іс-шаралар барысында педагогтар ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық атмосфера құрылды деп сеніммен айтуға болады. Іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді, барлығына денсаулық пен сәттілік тілеймін, сондай – ақ келе жатқан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтаймын.
АӘК әдіскері Г.Баитова