Бұланды ауданының әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 25 қаңтар күні «Педагогтардың психоэмоционалды жағдайын психологиялық сүйемелдеу» атты аудандық семинар-онлайн кеңесі өтті. Семинарға мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының аудан педагог-психологтары қатысты.
Мақсаты: Мұғалімдерді эмоционалды күйіп қалу түсінігімен таныстыру, реттеу дағдыларын, психоэмоционалды күйлерді дамыту, педагогикалық іс-әрекетте эмоционалдық күйзелістің алдын алу.
Семинар барысында педагог-психологтар,әдістемелік бірлестік жетекшілері педагогтердің кәсіби дағдалардың төмендеуінің негізгі физиологиялық және психологиялық аспектілерімен танысып, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігінің негізі ретінде мұғалімнің психологиялық денсаулығы мәселесін талқылады. Аудандық әдістемелік кабинет әдіскері білім беру ұйымдарының педагог-психологтардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ақпаратты ұсынды. Оспанова Динара Смагуловна, Шубарағаш ЖОББМ және Азнабаева Фарида Файдрахмановна Б.Шолақ атындағы педагог-психологтары білім беру мамандары үшін жұмыс түрлерімен таныстырды. Максименко Любовь Анатольевна, Гордеевка ЖОББМ педагог- психологы өз баяндамасында өткізілген тренингтермен бөлісіп, Ахметова Дана Турсунбековна,Вознесенка ЖОББМ педагог-психологы өз баяндамасында педагогтерің кәсіби дағдылардың төмендеуінің алдын алу бойынша жұмыс әдістері мен формаларын ортаға салды.
Семинар соңында ұсыным қабылданды.
Г.Р.Баитова АӘК әдіскері.