2024 жылдың 30 қаңтарында 8-11 сынып оқушыларының арасында Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп-философ ақынның рухани мұрасын дәріптеу,шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйеспіншілік,белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпаққа тәрбиелеу,тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Аудан кезеңіне 17 оқушы қатысты . І бағыт бойынша: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» (өз шығармасы) жүлделі орынға ие болғандар: І орын-Амангелді Ерасыл Макинск қ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы. ІІ орын -Эргашова Айдана Макинск қ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
ІІ бағыт: : «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба).
І орын- Еламанова Дильназ, Қараөзек ЖОББМ 9 сынып оқушысы.
ІІ орын- Ақылбек Нұркерім,Макинск қ №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы.
ІІІ орын- Елемес Дінмұхаммед, Макинск қ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы.
ІІІ бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу). І орын-Жанарбек Гауһар Макинск қ № 2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы.ІІ орын Байзуллова Айдана Макинск қ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.ІІІ орын- Мейрам Ризалы Айнакөл а ЖОББМ 9 сынып оқушысы және Жексенби Аян Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.Аталған бағыт бойынша мадақтау қағазымен марапатталды: Ермек Нұрайым Макинск қ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы,Теңелген Нұрсауле Қараөзек а ЖОББМ 9 сынып оқушысы.
ІV бағыт: «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және « Ұлы даланың ұлы есімдері». І орын Казбеков Әділет- Макинск қ мектиеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.ІІ орын Сатыбалдина Раушан Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.Облыстық кезеңге әр бағыт бойынша жүлделі І орынға ие болған жеңімпаздар жолдама алды.
Жеңімпаздарға сәттілік ,облыста жоғары нәтижеге жетіп,жеңімпаз атануына тілектеспіз! Г.Р.Баитова,АӘК әдіскері