«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

26.02.2024

ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

23 ақпан күні Қосшы қаласының мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Шокан Оразалиннің қатысуымен білім бөлімдері басшыларының кеңесі өтті. Кеңеске басқарма бөлімдерінің басшылары мен Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының басшысы да қатысты.

Басында қатысушылар мектеп-гимназиясын аралап, оқу-материалдық базасымен танысты. 1500 орындық білім ордасында барлық 54 оқу кабинеттері қажетті компьютерлік жабдықтармен жабдықталған, 360 орындық асхана, 280 орындық акт залы, 2 спорт залы, жаңа модификациялық үлгідегі 4 информатика, 3 химия, 2 физика, 2 биология, 4 технология кабинеті, музыкалық аспаптар кабинеті, буфет, кітапхана, 3 кітап қоймасы бар, сондай-ақ гимназияда (қыш шеберханасы, фотостудия) робототехника, мобилография, жүргізуді виртуалды оқытуға арналған арнайы жабдықталған. Екі жарым мыңға жуық оқушыға 179 мұғалім сабақ береді. Әр түрлі бағыттарда үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды.

Экскурсиядан кейін кеңестің бірінші бөлімінде баяндамалар жасалды. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндаманы Ақмола облысы бойынша іске асыру Жол картасы туралы өңірдің білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы айтып берді.

Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Асемгуль Сулейменова тамақтану объектілерінде рұқсат құжаттарының болмауы бойынша баяндады.

Қосымша баяндамашылар - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Алия Жолдыгулова.

Просмотров: 791


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст