«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімі басшысының м.а. Т.Максимованың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

30.04.2020

Қадірлі жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды береке мен бірліктің мейрамы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Біздер басты байлығымыз саналатын бірлікті әрдайым көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға тиіспіз.

Осы орайда, «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен несібесі мол болмақтығын» назарда ұстаған Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірліктің, келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен татулықтың құтты шаңырағы. 

Қазіргі таңда Бұланды ауданында орыс, корей, татар, өзбек, украин, башқұрт, молдаван, қырғыз, қарақалпақ сынды этнос өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруде. 

Қадірменді қауым! 

Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст