Құрметті Бұланды ауданының тұрғындары!
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн.
Қазақстан қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, Республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Бұл жас жауынгерлер үшін асқақ абырой екені сөзсіз. Сол себептен де антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашан да асқақ болары анық.
Бүгінде елімізде жас сарбаздарға әскери борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалған. «Әскери қызмет және әскери қызмешілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес Отан қорғаушылар лайықты деңгейде әлеуметтік жағынан қамтылып, кепілдіктерге ие болуда.
Өшпес ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте Сіздерге сәттілік тілегім келеді! Аудан тұрғындарын осынау мерейлі мереке – Отан қорғаушы күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасында амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!