«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

12.04.2024

Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқау жариялайды.

Келесі бағыттыр бойынша қосымша білім берудің 50 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы:

Ғылыми-техникалық – 30 орын,

Көркем-эстетикалық – 10 орын,

Әлеуметтік-педагогикалық – 4 орын,

Жаратылыстану-математикалық – 6 орын.

         Байқауға қатысуға ниет білдірген ұйымдар  ағымдағы  жылғы 20 сәуірге дейін білім бөліміне тізім бойынша құжаттарды ұсынуы қажет.

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес  нысан  бойынша өтініш;

2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

3. ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

4. балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

5. педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

6. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

7. ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

8. ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

 9. ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

            Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырады.

 

Просмотров: 745


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст