Ауданымызда Алғыс айту күні
аталып өтті. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының аясында өткен мерекелік іс-шара аудандық Мәдениет үйінде
өтіп, оған аудан жұртшылығы қатысты.
Елімізде тұратын әр ұлттың мәдени
және рухани өмірі үшін татулық, келісім және жасампаз еңбек керек. Біз әлемге
саяси тұрақтылық пен, ұлтаралық татулықты үлгі етеміз. Бұл басты құндылығымыз.
Осы орайда Алғыс айту күнінің ел ішінде тұратқтылықты, ұлтаралық татулықты
сақтауға қосар үлесі зор. Алғыс айту Күні – ол қайырымдылық дәстүр және өзара
қолдау күні.
Жақсылыққа толы мереке күнімен бұландылықтарды аудан әкімі Жомарт Нұркенов құттықтап,
ауданның барлық тұрғындарына алғыс білдіріп, жақсылық тіледі. Салтанатты жиын басталмас бұрын Жомарт
Жұмағалиұлы мүмкіндігі шектеулі балалардың қолымен жасалған әдемі бұйымдардын
көрмесін тамашалап, балалардың өнеріне тәнті болды.
Мерекелік әдемі сахна, жүрекжарды ақ тілектер. Осының барлығынан кейін,
әлбетте, марапаттау рәсімі мәресіне жетті. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық
дамуына зор үлесін қосқан бірқатар аудан тұрғындары алғыс хаттармен
марапатталды.
1 наурыз – «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. Сондықтан мерекелік
сахнада партия тарапынан партия ардагерлері және белсенді нұротандықтарға
марапаттаулар тапсырылды. Сондай-ақ, көктемнің шуақты алғашқы күні партия
қатарына қосылған нұротандықтарына партия билеттері табысталды.
Іс-шараның ресми бөлімін ауданның шығармашылық ұжымдары дайындаған
концерттік бағдарлама жалғады.