Текст
Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында ауданымыздың барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағаты қашықтан өтті, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітті. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алды. Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндірді: Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.