2020 жылдың 28 тамызында «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ-нің ресми парағында «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығу мүмкіндігі бар ZOOM қосымшасының бейнеконференциялар режимінде «Білім және ғылым : жаңа оқу жылының ерешеліктері» тақырыбында білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Конференцияның құрметті қонақтары - Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Кенжебике Негметжановна Исмагамбетова; Құрманғалиева Лаззат Сұрағанқызы, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықтың директоры; Хожабай Раушан Түркменбайқызы, «НұрОтан» облыстық филиалының бірінші орынбасары; Байтемирова Қарлығаш Ақанбайқызы, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы кеңесінің төрағасы.
Мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қауымы қатысты.
Конференцияда мектепке дейінгі білім беру сапасы, жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу, қашықтықтан білім беру, инклюзивті білім беру шеңберінде инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қаралды.