«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Нақты тапсырма, нақты міндет

05.03.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің

отырысына облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің

орынбасарлары, селолық округтер мен Макинск қаласының әкімдері, атқарушы және құқық

қорғау органдарының басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметшілері,

мекемелер мен ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілі қатысып, онда білім және ғылымды дамытудың 2016-2019

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Бұланды ауданында 2017 жылғы жүзеге

асырылуының қорытындылары қаралды.

Күн тәртібінің басты сұрағы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бақытжан

Есмурзина сөз алды. Бақытжан Қабиденқызы білім беру саласындағы негізгі

индикаторларға тоқталып, олардың әрқайсысы бойынша мәлімет берді. Ауданның

білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар тиісті қарқынмен жүзеге асып

келеді. Мәселелер сатылап шешімін табуда. Жомарт Жұмағалиұлы ауданның бас мұғаліміне

бірқатар тапсырмалар жүктеп, мәселелердің орындау барысын нақты қадағалауды

тапсырды.

Сонымен қатар Ж. Нұркенов аудан әкімінің орынбасары Б. Тасылбековаға,

аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б. Есмурзинаға бағдарламаның жүзеге асуын

және мақсатты индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, оқушыларды

спорт секцияларына тартуды тапсырды.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст