«Білім
туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14)
тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №
1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес бұйырамын:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
орта білім беру ұйымдарында 2017 - 2018 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және
каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2017 - 2018 оқу жылының басталуы 2017 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу
аптасы, 1- сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі
ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне
ауыстырылады.
3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2017 жылғы 30
қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан -
2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз -
2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2017
жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2017 жылғы 25
желтоқсан - 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2018 жылғы
21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде
(2018 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә. Мақсұтова) заңнамада
белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он
күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс
тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
жіберілуін;
3)осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он
күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми
жариялауға жолдауды;
4)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні
ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және
халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев